1.png2.png3.jpg5.png6.png7.png8.png9.png91.jpg1.png2.png3.jpg5.png6.png7.png8.png9.png91.jpg
Басып шығару

:«Жас кәсіпкер мектебі» құрамына тыңдаушыларды қабылдау басталды

Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы«Жас кәсіпкер мектебі» құрамына тыңдаушыларды қабылдау туралы хабарлайды!

            «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы щенберінде «Жас кәсіпкер мектебі» құрамы өткізілуде.

            «Жас кәсіпкер мектебі құрауышы (бұдан әрі - «ЖКМ» жобасы) жастардың инновациялық және кәсіпкерлік әлеуетін ашуға жәрдемдесуге, жас адамдарды кәсіпкерлік қызметке белсенді тартуға, жас кәсіпкерлердің құзыреттілік деңгейін арттыруға бағытталған.

            «Жас кәсіпкерлер мектебі» құрамы жастарды кәсіпкерлік қызмет негіздеріне оқытуды; бизнес-жоспарларды дайындау бойынша консультациялық қызметтер көрсетуді; «ЖКМ» жобасына қатысушылардың бизнес-жоспарларын қорғауын ұйымдастыруды; «ЖКМ» жобасы тыңдаушыларының неғұрлым сәтті бизнес-жобаларын таныстыру арқылы өңірлерде «Идеялар жәрмеңкесі» конкурсын ұйымдастыруды; үздік бизнес-жобаларға - «Идеялар жәрмеңкесі» конкурсының жеңімпаздарына қаржыландыру алуға жәрдемдесуді көздейді.

 

            «ЖКМ» жобасының тыңдаушылары Қазақстан Республикасының 18-29 жас аралығындағы азаматтары бола алады.

            Оқыту процесінде «ЖКМ» жобасының тыңдаушыларына кәсіпкерлік қызметті жүргізу мен бизнес-жоспарды дайындау негіздері бойынша оқу-әдістемелік материалдар, сондай-ақ шағын кәсіпкерлікті құру идеяларының анықтамалықтары ұсынылады. Бұл материалдар қағаз және/немесе электронды жеткізгіштерде ұсынылады.

            «ЖКМ» жобасының оқыту қорытындылары бойынша бизнес-жоспарларын сәтті қорғаған жағдайда, «ЖКМ» жобасының тыңдаушыларына «ЖКМ» жобасы бойынша оқытудан өткені туралы сертификат беріледі.

            «ЖКМ» жобасы бойынша оқытудан өткені туралы сертификаттың болуы Бағдарлама шеңберінде гранттық қаржыландыруға арналған конкурсқа қатысуға құқық береді.

            «ЖКМ» жобасы мемлекеттік тілде 2016 жылдың 31 қазанна бастап 04 қарашаға дейін, ал орыс тілінде 07 қарашадан бастап 11 қарашаға дейін «Даму» КДҚ» АҚ Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орлағыныда келесі мекен жайда өтеді: Талдықорған қаласы, Төлебаев көшесі 86, 1 қабат.

            Өтініштерді 2016 жылдың 13 қыркүйегінен бастап 28 қазанға дейін Алматы облысы кәсіпкерлер палатасы қабылдайды. Мекен жайы: Талдықорған қаласы, Абай көшесі 254 «А».

            Барлық анықтамалар келесі телефондардан біле аласыз: 8(7282) 40-14-77, сот. 8(702) 148-18-50, эл.пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it..