«Жер заңды негізде» / "Земля по закону"

Осы сайттың бөлігінде Сіздерге аудан көлемінде жер учаскелерін өз беттерінше иеленіп алу деректері бойынша хабарламалар мен фотосуреттерді орналастыру мүмкіншілігі көзделген.

Сіздердің жіберген фото суреттеріңіз бен хабарламаларыңыз бойынша жергілікті атқарушы және уәкілетті органдармен тиісті шаралар қолданылатын болады.

ЕСКЕРТПЕ – ЖАДЫНАМА

   Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43 бабының 10 тармағына сәйкес егер облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнiң жер учаскесiн беру туралы шешiмiнде өзгеше көзделмесе, жер учаскесiнiң нақтылы (белгiлi бiр жердегi) шекарасы белгiленгенге дейiн және құқық белгiлейтiн құжаттар берiлгенге дейiн жер учаскесiн пайдалануға жол берiлмейдi. Осы норманы сақтамау жер учаскесiн өз бетiнше иеленiп алу деп бағаланады және Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк жауаптылықты көздейдi.

   Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 136 бабына сәйкес мемлекеттiк жер учаскелерiн заңсыз иеленіп алу немесе айырбастау не жерге мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жанама нысанда бұзатын басқа да мәмiлелер жасау, сондай-ақ уақытша иеленген мемлекеттiк жердi уақтылы қайтармау – жеке тұлғаларға – жетпіс бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

   Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 389 бабына сәйкес өзiнше билiк ету, яғни Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпке қарамастан, басқа адаммен немесе ұйыммен дауласып жатқан, өзiнiң нақты немесе болжамды құқығын өз бетiнше жүзеге асыру - бір жүз айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.


Cұрақ қою / Задать вопрос

Аты-жөні / ФИО: (*)
Please let us know your name.
Мекен жайы Адрес: (*)
Неверный Ввод
E-mail: (*)
Please let us know your email address.
Телефон: (*)
Please write a subject for your message.
Сұрақ / Вопрос: (*)
Please let us know your message.
Загрузить фотографии:
Неверный Ввод
Көрсетілген кодты жазыңыз / Введите код указанный на картинке: (*) Көрсетілген кодты жазыңыз / Введите код указанный на картинке:
Неверный Ввод